Жаңа бөлім басшысы тағайындалды

Жаңа бөлім басшысы тағайындалды

Бүгін аудандық әкімдікте персоналдық өзгерістер болып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес Гүлжан Досжанова әкімдік аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұған дейін аудандық әкімдікте мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық техналогиялар бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарған маманды аудандық әкімдіктің аппарат басшысы Айдын Ауесбаев жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Өзі жайлы айтар болсақ, Гүлжан Ержанқызы 1977 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді маман көптеген жерлерде білім шыңдап, біліктілігін арттырып келген. Мәселен, 2003 жылы Алматы қаласындағы «Заман» колледжінде экономист-есепші мамандығын оқыса, 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетінде есеп және аудит мамандығы бойынша білім алған. Бұдан бөлек, 2016 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде бағалау магистрі мамандығын да жетік меңгерген.

Ал, еңбек жолы Жамбыл облысының ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институтының лаборанты қызметінде басталып, одан кейін «Грант Тур Интернешнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, Жандосов ауылдық округі әкімдігінде жалғастырған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях