Заң университеті журналистерді де оқытатын болады

Заң университеті журналистерді де оқытатын болады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елімізде жаңадан ашылған М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлы заң  университетіне арнайы барып, жаңадан ашылатын «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығымен танысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр А.Балаева аталмыш жоғары оқу орнынан алған әсерін Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

«КАЗГЮУ — тек білім беруге ғана емес, студенттің дамуына да көп көңіл бөлетін, халықаралық деңгейдегі заманауи университеттің эталоны. Спортқа баса назар аударатынына, студенттердің қызығушылығы бойынша түрлі қосымша сабақтарға мән беретініне риза болдым. Былайша айтқанда, студенттер университеттегі уақытын өз пайдасына өткізеді, дамиды әрі қосымша қабілеттерді меңгеріп шығады», –  деп жазды Аида Балаева.

Кездесу барысында министр мен университет басшылығы алда атқаратын жұмыстар туралы әңгімелесті. Журналистік этика бойынша семинар өткізу туралы, студенттердің еліміздегі үздік бұқаралық ақпарат құралдарында іс-тәжірибеден өтуі мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде университеттің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев әлеуметтік желілердегі парақшасында министрмен кездесу барысында қандай тақырыптарды қозғағаны туралы да жазды.

«Аида Ғалымқызымен бірге шешуге болатын мәселелерді ашық талқыладық. Масс-медиа саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі, көптеген ЖОО-ларда білім бағдарламасы мазмұнының ескіруі, баспасөз беттеріндегі шыққан материалдарда деректердің талданбауынан БАҚ-тағы әдептілік деңгейінің төмен болуы сынды мәселелерді айттық», — деді университет басшылығы.

Естеріңізге сала кетейік, жақында аталмыш заң университеті осы жылдың қыркүйек айында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылатыны туралы хабарлаған еді. Жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты — құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындау.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях