Вирус жұқтырғандар 120-ға жетті

Вирус жұқтырғандар 120-ға жетті

Елдегі науқастардың саны 120 болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі күнгі сағат 07:50 жағдай бойынша тағы 7 науқас анықталды. Олардың барлығы Алматы қаласынан екені де белгілі болды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 47 адам, Қарағанды қаласында — 4, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді.

Естеріңізде болса, кеше екі адам вирустан сауығып, өкінішке орай бір қазақстандық індеттен көз жұмған болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях