Трамп коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын айтты

Трамп коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше аптада дайын болатынын айтты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Трамп президенттікке үміткер Джо Байденмен пікірталаста айтты.

«Вакцина дайын болып қалды, бірнеше апта ішінде жариялаймыз», — деді Трамп.

Өнімдері мақұлдануы мүмкін вакцина өндірушілердің ішінде Трамп J&J, Moderna және Pfizer деп атады.

Еске салайық, осыған дейін АҚШ-тың Аллергия және инфекция ұлттық институтының басшысы Энтони Фаучи COVID-19 вирусына қарсы вакцина 2021 жылдың қаңтарында жасалатынын айтқан болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың рекорд көрсеткіші тіркелгенін мәлімдеді. Ұйым сайтында жарияланған статистикаға сүйенсек, кейінгі тәулікте (22 қазанда) дүние жүзінде 423 819 науқас тіркелген. Бұған дейінгі рекорд — 17 қазанда 412 889 жағдай болған.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях