Токиодағы «Disneyland» уақытша жабылды

Токиодағы «Disneyland» уақытша жабылды

Токиодағы «Disneyland» және «DisneySea» су паркі коронавирустың таралу қаупіне байланысты 29 ақпаннан 15 наурызға дейін жабылады. Бұл туралы Oriental Land басқарушы компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.  

Жыл сайын 30 миллионнан астам адам келетін «Disneyland» және «DisneySea»  Токио маңында 118 гектардан астам жерде орналасқан. Осы аптада Жапония үкіметі коронавирустың таралу қаупіне байланысты барлық мемлекеттік музейлер мен театрлар жұмысын 15 наурызға дейін тоқтата тұратынын мәлімдеді. Жапонияда коронавирус жұқтырған 919 адам тіркелді, сегіз адам қайтыс болды. Жұқтырғандардың көпшілігі, яғни ,   705-і  –  «Diamond Princess»  круиздік кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Қаңтар айында Шанхайдағы және Гонконгтағы «Disneyland» те өз жұмысын тоқтатқан болатын. «Disney1 коронавирустың салдарынан $175 млн қаржыдан айырылуы мүмкін.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях