Өткенді саралау – болашаққа жарқын бастау

Өткенді саралау – болашаққа жарқын бастау

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені баршаңызға белгілі. Айтылған орнықты ойлар да, алға қойылған мақсат-міндеттер де көңіл қуантарлық деп білемін.

Былтыр, шыныменде, еліміздің экономикалық ахуалы жақсара түскенін байқасақ болады. Оның сандық көрсеткішін Мемлекет басшысы да дөп басып айтты, яғни, экономикалық өсім 4,5 пайызға жетті.

Басқа да салада жеткен жетістігіміз кем емес. Әрине, оның барлығы елдің игілігі мен тұрмыс сапасының өркендеуі жолында атқарылып жатқан істер деп білемін. Міне, осыларды саралаған Президентіміз Қ.Тоқаев жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесіне сүйене келе, болашақтың да бағдарына болжам жасады.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының дәл осылай өткен істерді талқылауы өткенге тың серпіліс, сан сала бойынша нәтиженің артуына септігін тигізеді деп білемін.

Сағат Мәсімақынов,

Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях