Талдықорғанда естімейтін және сөйлей алмайтын жандарды тіс емдеу мамандығына оқытуда

Талдықорғанда естімейтін және сөйлей алмайтын жандарды тіс емдеу мамандығына оқытуда

Облыс орталығында алғаш рет естімейтін, сөйлей алмайтын жандарды тіс емдеу мамандығына оқыта бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz. Айта кеткен жөн, бұл мамандандыру курсы арнайы халықаралық бағдарлама негізінде жүргізіледі. Ал, мұғалімдердің болашақта оқытылып жатқан азаматтардан өте жақсы маман шығатынына және еңбек нарығында сұранысқа ие болатынына сенімдері мол. Өйткені, мұнда келіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығы үлкен мақсатпен осы мамандықты игеруде. Орталықтан тәлім алып жүрген 20 жасар Әлішер Төлепбеков осымен екінші арнайы орта білімім игеріп отыр. Бұған дейін жас жігіт дизайнерлікке оқыған екен. Сондай-ақ, ол талантты суретші, республикалық байқауларда көптеген жүлделермен де марапатталып үлгерген.

Мен өзімнің тіс емдеу кабинетімді ашсам деп жоспарлаудамын. Осы кәсіп арқылы көптеген ойларымды жүзеге асырып, мақсатыма жетіп, тіс емдеушілердің арасындағы ең мықты маман болып шықсам деймін. Жалпы, ауызымыздағы ақ сүйегіміздің саулығының денсаулығымызға тікелей әсер болатынын білген жөн, — деп атап өтті Әлішер Төлепбеков.

Топта Әлішерден басқа дарынды жастардың қатары көп. Туған әпкесі Жанель де суретші, ал достары Елдар мен Данияр «Ән айтушы қолдар» республикалық байқауының жеңімпаздары. Олардың әрқайсысы сурет салып, ағашпен ою жасап, тігін тіге алады. Енді кезекте тіс емдеу мамандығын жетік меңгергісі келеді.

Біздің елімізде алғаш рет есту қабілеті нашарлаған адамдар оқытылуда. Тіс емдеу мамандарына сұраныс жоғары болғандықтан, оқу курсын аяқтағаннан бұл азаматтардың барлығының да жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары. Ал, бұл салада білім беріп жатқан медициналық колледждің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс тәжірибесі бар. Оған дәлел, осыдан төрт жыл бұрын көзі көрмейтіндерге медициналық массажын үйрете бастаған екен.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях