Тәжірибе үшін: 40 күн аш жүрген блогер қайтыс болды

Тәжірибе үшін: 40 күн аш жүрген блогер қайтыс болды

Абхазияда 40 күн бойы тамақ, су ішпей тәжірибе жүргізген ресейлік блогер Виталий Выграновский қайтыс болды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы НТВ телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

40 жастағы ер адам YouTube-арнасында блог жүргізетін. Аштықты наурызда Мәскеуде бастаған. Оныңшы күні блогердің жағдайы нашарлап, оған қаладағы атмосфера ұнамай, Абхазияға кетуді шешкен. Жиырмасыншы күні блогер толығымен тазарғанын айтқан, бірақ, қатты азып, физикалық тұрғыда белсенді болуға шамасы жетпеген. 35-ші күні ер адам жағдайы қатты нашарласа да аштықты тоқтатпаған.

– Қалай өтті? Бұл жай ғана ойын болды. Өте қызық. Паразиттер кетіп, тамақты аңсап тұрмаймын. Денем толығымен жаңарды, – деген еді Виталий Выграновский.

Блогердің таныстары әлеуметтік желіде ол «құрғақ аштықтан шығу кезінде» қайтыс болғанын жазған. Блогердің нақты неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін белгілі болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях