Төтенше жағдай кезінде жұмыссыздарға қолдау

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыздарға қолдау

Елімізде  төтенше жағдай кезінде халыққа әлеуметтік қолдау көрсету аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бағдарламасына өзгерту енгізілді. Оған карантиндік шараларға дейін ірі қалаларда жұмыс істеп, бүгінгі күні мүлдем жалақысыз қалған және жұмыссыз азаматтар өтінім бере алады. Біздің ауданда жоба жайында ақпаратты тарату мақсатында құрылған рекруттық топтар өз жұмыстарын бастады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.     

Бағдарлама  бойынша жұмысқа баруға дайын азаматтарға жұмыс орнына келгеннен кейін бірден 2 ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни, 85000 теңге көлемінде «көтерме ақы» ұсынылады. Тұрақты жалақының орнына емес, оған қосымша төленеді. Олар дизенфекциялау, ерікті ретінде, қоғамдық және басқа да жұмыстарға жұмылдырылатын болады. Әрине, жұмыс берушілер  бағдарлама бойынша  жұмыс істейтіндердің барлығын лайықты еңбек жағдайлары және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ететін болады.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы да аталған жоба аясында Шамалған, Бірінші Май, Жандосов ауылдық окруктерінде жұмыссыз азаматтарға түсіндіру жұмыстарын өткізді. Аталған мекеменің берген мәліметіне сәйкес жоғары көрсетілген округтер  бойынша  жұмысынан босап қалған  340 астам азамат ақпараттандырылған. Оның ішінде 37-сі  бағдарлама сәйкес жұмысқа орналасуға ниет білдірген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бойынша түсіндіру  шарасы алдағы  уақытта аудандағы өзге округтер де жалғасатын болады.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях