Түркістан қаласының жаңа әкімі тағайындалды  

Түркістан қаласының жаңа әкімі тағайындалды   

Түркістан облысы Ордабасы ауданының бұрынғы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Түркістан қаласының мәслихат депутаттарының келісімімен Түркістан қаласы әкімі қызметіне Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды», — делінген әкімдік хабарламасында.

Жаңа әкімді қала активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Түркістан қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді

Түркістан қаласына тура екі жыл әкім болған Рашид Аюпов осы уақыт ішінде өзіне қолдау білдірген барша азаматтарға қала активі алдында алғысын айтып, қоштасты.

Ал, Түркістан қаласының жаңа әкімі Нұрбол Тұрашбеков өзіне білдірген сенім үшін алғысын айтып, Түркістан қаласының өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Берілген тапсырмаларды мерзімінде әрі сапалы орындауға уәде берді

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер-экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткен Нұрбол Тұрашбеков 2017-2020 жылдар аралығында Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылдың мамыр айынан Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях