Тұрғындардың мәселелері тыңдалды

Тұрғындардың  мәселелері тыңдалды

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында аудан тұрғындарының мәселелі сұрақтарына жауап беру үшін аудан прокурордың міндетін атқарушы Ержан Омбаев  қабылдау өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Жиынды «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов жүргізіп отырды. Қабылдауынға келгендер несие беру, нотиралдық кеңседегі алаяқтық, ұрлық  сияқты көптеген мәселелер бойынша шағымданды.

Мәселен, Қаскелең қаласының тұрғынының осыдан төрт ай бұрын үйіне ұры түсіп, қомақты қаржыны қолды қылған.  Осы жағдайға байланысты күдіктілерге қатысты қайта іс қозғауга көмек көрсетуді сұрады. Ал, Тұрар саяжайында тұратын Борис үйінен құрылыс заттары ұрланған. Ол өзінің  бұл істе кімге күдіктенетінін айтты. Райымбек ауылынан келген зейнеткер Күлсара апаның да ауласынан құрылыс заттары ұрланған. Олар аудандық полиция бөлімшесіне арыз жазған, бірақ, әлі күнге дейін ешбір нәтиже жоқтығын айтып, осы істі шешіп беруін өтінді.  Келесі кезектегі Нұрланның атынан белгісіз біреулер несие алса, ал, әйтейлік келіншек үйін рұқсатынсыз өзге біреулерге сатып жіберген. Алаяқтардың құрбаны болған азаматтар бұл жағдайды қалай шешуге және кімге баруға болатының сұрады.

Қабылдауға келген барлық қарасайлықтардың сұрақтары мен өтініштерін мұқият тыңдаған Ержан Тоқтасынұлы  қабылдаудағы барлық істерді қайта қарастырылып, шешілуін өз назарын ұстайтынын айтты.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях