Төл теңге күніне арналған ашық байқаулар

0
2127

Ұлттық валютаның басқа рәміздер сияқты мемлекеттік нышан ретінде қалыптасуы заңдылық, әрі оның да тәуелсіз ел үшін айрықша алар орны бар. Биыл баршаңызға белгілі төл теңгемізге 25 жыл толып отыр. Айтулы күннің қарсаңында елімізде түрлі іс-шаралар қамтылып, теңгеміздің маңыздылығы жайында насихат жұмыстар жүру дәстүрге айналған. Осындай бастамалардың алды болып, облысымызда бірнеше игі шаралар қолға алына бастады. Нақты айтсақ, ашық байқаулар, жиындар, қаржыгерлер кеңесінің отырысы және т.б. басқосу жиындары жан-жақты жарияланады. Бұл жайында жақында өңірлік коммуникация қызметі алаңында айтылып өтті. Онда ҚР Ұлттық Банкі Алматы облыстық  филиалының директоры Ернар Жұмабеков жалпы баяндама жасады.

– Еліміздегі қаржы саласындағы қызметкерлер үшін биылғы жыл теңгеміздің енгізілгеніне 25 жыл ерекше сәттерге толы болмақ. Атаулы күнге орай конгреске алыс және жақын шетелден қонақтар келеді. Олардың ішінде банк басшылары мен қаржы ұйымдары, әрі сол саланың нарығында жүрген өкілдер де бар. Олардың мереке күніне орай келіп қатысуының өзі маңызды оқиғаға айналмақ. Сондай-ақ, Ұлттық валютамыздың 25 жылдығын  негізге ала отырып, 1 қыркүйектен бастап, «Теңге балалардың көзімен» атты ашық байқау жарияланды. Оның бағыты банкноттар мен монеталардың үздік бейнелеріне арналған. Ал, мақсаты – жас суретшілердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, дарынды балалардың ынтасын ояту, одан бөлек теңге әдемілігін бала қиялымен көрсету, – дейді Ұлттық Банктің өкілі.

Жоғарыда айтылған жас дарындылардың байқауы 6-10 және 11-14 жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылады. Балалардың туындылары «Банкноттың үздік бейнеленуі» және «Монетаның бейнеленуі» номинациялары бойынша қабылданатын болады. Аталмыш конкурстың қорытындысы 15 қарашаға дейін шығарылады. Ал, байқау жеңімпаздары ақшалай және естелік сыйлықтарымен марапатталатын болады.

Жиын барысында инфляция жайлы да сөз қозғалды. Алматы облысында осы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы инфляция көрсеткіші, өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеген, яғни, биыл 2,8%-ды құрап отыр. Ал, 2017 жылғы тамыз айынан осы жылдың тамызына дейінгі көрсеткіш 6,7%-дық көрсеткішке ие.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь