Студенттер жатақханасы мен бассейн құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Студенттер жатақханасы мен бассейн құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Таяуда облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында бірер айдың ішінде пайдалануға берілетін «Қаратал» шағын ауданындағы студенттерге арнап салынған 288 орындық жатақхана мен  жабық жүзу бассейнінің құрылыс жұмыстарының барысын көріп қайтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен жатақхана ғимаратына келген облыс басшысы Амандық Ғаббасұлына нысанның маңайын абаттандырудың бас жоспары көрсетілді, орнатылатын орындықтар, жарық шамдары, төселетін плиткалар түрлерінің бірнеше варианттары ұсынылып, пайдаланылатын нұсқасы келісілді. Абаттандыру жұмыстарын «Сапа құрылыс» мекемесі жүргізетін бұл нысанның жоспарда көрсетілгендей, жатақхана маңы ғана емес, оған іргелес орналасқан аумақтың барлығы Ардагерлер паркіне дейін тұтас абаттандырылмақ. Онда балалар ойын алаңдары, ересектер тынығатын орын, жүгіру жолы, воркаут, спорт алаңы сияқты барлық қажеттіліктер қарастырылатын болады. Барлығын мұқият қарап шыққан облыс басшысы ғимараттың ішін аралап көріп, фойені безендіру мен жабдықтау туралы ұсыныстарын айтып өтті. Сол сияқты жатын бөлмелердегі қос ярусты төсектің сапасын сынға алып, заман талабына сай басқа кереуетпен ауыстыруды тапсырды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаевқа оқу орнының инженерлік желілерді және басқа да техникалық жағынан жауапты мамандарының ғимаратты тыңғылықты қабылдап алуын жүктеді.

Тағыда айта кетері, бұл нысан Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда арнайы салынған студенттердің алғашқы жатақханасы болып табылады.

Бұдан соң облыс әкімі жабық жүзу бассейнінің құрылысын көруге барды. Күніне 750 адам қабылдауға қауқарлы бассейн Талдықорғанның ең көрнекті нысандарының бірі болмақ. Облыс басшысы қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, ішкі әрлеу жұмыстарының жобасын бірлесіп қайта жасау керектігін айтты. Сол сияқты арнайы құрал-жабдықтармен, LED-экран, су асты камералары сияқты құрал-жабдықтармен қамту ісін егжей-тегжейлі ойластыру керектігін де жеткізді. Атап өтсек, қазір бұл нысанда құрылыс жұмыстарының 70 %-і аяқталған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях