Студенттер Елбасының туған жерінде

Студенттер Елбасының туған жерінде

Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бірнеше міндетті жоба жұмыстары атап көрсетілген еді. Соның бірі – өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасы. Оның аясында қаншама игі бастамалар әлі де атқарылып, жемісті жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Жалпы, мақсатына қарай бұл бағдарлама көп бастамаға себепші, оның ішінде жастарға рухани бағыт-бағдар беріп, Отансүйгіштікке тәрбиелеу сияқты құндылықтарды қамту. Сонымен қатар, жас ұрпақтың болашағы туралы айтылғанда Мемлекет басшысының келесі жыл «Жастар жылы» деп атап көрсеткені еріксіз ойға оралады. Бұл да бір өскелең жас буынға деген жақсы бастама.

Ия, Президентіміз үнемі жастарды қолдауы, үлкен үміт артып, олардың ұлт кепіліне айналуына барлық жағдайды қарастырудан жалыққан емес. Саналы ұрпақтың қалыптасуына әр аймаққа жүйелі жұмыстарды да міндеттеп тапсырғанын айтпасқа болмас.

Осы орайда Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің белсенді білімгерлері ұстаздардың қолдауымен «Елбасы жолы» атты бір күндік керуен өткізді. Экспедиция бағдары Нұрсұлтан Назарбаев туып-өскен Алматы облысынан басталды. Жас жеткіншектер алдымен Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінде орналасқан «Анаға құрмет» атты мұражайына ат басын тіреді. Білімгерлерді жылы жүзбен қарсы алған мұражай қызметкерлері елімізге танымал апа-әжелеріміздің өмір салты мен тарихы туралы айтып қана қоймай, оларға қатысты материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйымдарымен таныстырып өтті. Тарихи естелікке толы ғимаратты аралаған экспедиция мүшелері музейден кейін аудандағы «Батыр бабаларға тағзым» мемориялына барды. Ол жақта студенттерді шайқасты ұрыстар мен ел тағдыры қыл үстінде тұрған алма-ғайып заманда өзінің ерлігімен талай жаудың бетін қайтарып, ұлан ғайыр атырапты ұрпағына сақтап қалған атақты хандар мен батырлардың портреттерімен танысты.

Сонымен қатар, аталмыш аудандағы бірқатар тарихи орталықтарға, оның ішінде Наурызбай мен Қарасай батырлардың ескерткіштеріне, Шамалған ауылындағы Елбасы білім алған мектепке және «Тұңғыш Президент» саябағына барып қайтты.

Бұл саяхатта балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолын, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері мен танысып, Елбасымыз қатысты ескерілмейтін естеліктері сақталған тың деректерге көз жеткізді.

Шара соңында студенттер бүгінгі алған әсерлерімен бөлісіп,  экспедияцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях