Сорғыштан аққан су тоқтатылды

Сорғыштан аққан су тоқтатылды

Бүгін әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалар бойынша, яғни «Көктем Гранд» демалыс орынының бассейнінен Алакөл көліне құйылып жатқан су мәселесіне байланысты аудандық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Олардың құрамында комиссияның төрағасы болып, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Чалкенов, сондай-ақ, аудандық тауарлар, көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, экология, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қамтылған болатын. Жиын қорытындысымен берілген ақпараты бойынша бүгінгі күні сорғыштан аққан су тоқтатылып, көл жағалауы тазартылған. Бұдан бөлек, бейнежазбадағы аққан су ешқандай хлорсыз, бассейннен аққан таза су екендігі анықталған. Ал, бейнежазбадағы судың бұлыңғыр түсі, сол уақытта істен шыққан сорғыштың әсерінен болған. Қазіргі кезде, аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  мамандары зертханалық сынамалар алуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях