Сооронбай Жээнбеков қырғызстандықтарды Қытайдан эвакуациялағаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді  

Сооронбай Жээнбеков қырғызстандықтарды Қытайдан эвакуациялағаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді   

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы  Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.

Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

Еске салайық, 2 ақпанда Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы ҚХР-дың Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті елге жеткізді. Осы күні сондай-ақ арнайы бортпен Нұр-Сұлтан қаласы арқылы 18 қырғыз студенті Бішкекке жеткізілді. Олар әуежайда тиісті тексеруден өткізіліп, Бішкек қаласының маңындағы ауруханаға жатқызылды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях