Себепсіз үйінен шыққандарға айыппұл салынады

Себепсіз үйінен шыққандарға айыппұл салынады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасындағы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа шектеу ережелерін бұзғандар қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қоғамдық көлік жұмысы бойынша қазір әкімдіктер пысықтап жатыр. Жағдайға қарай, қоғамдық көлікке қосымша жүктеме түсіп, қозғалыс шектелуі мүмкін», – деді Абаев тікелей эфирде.

Қала тұрғындары үй жануарларымен аулада серуендей алады. Егерде адамдар басқа себептермен шыққан болса, онда алдымен, ескерту, одан кейін 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайтын болады. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Министр бүгін түнгі 00-ден бастап көшеде жүруге тыйым салынғанын атап өтті. Ал, жұмысқа шыққаныңды растау үшін тікелей басшының не кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірі болғаны жөн.

Мемлекеттік комиссия биылғы 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті:

Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);

Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях