САЯСИ ТАҢДАУ ЖАЛҒАСУДА

САЯСИ ТАҢДАУ ЖАЛҒАСУДА

Аудан тұрғындары өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытып жатыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Еліміз бойынша бүгін тағы бір тарихи сәт орын алып, кезектен тыс президент сайлауы әр өңірде атқарылып жатыр. Біздің ауданымыздың  тұрғындары да өз азаматтық борышын білдіріп, белсенділіктерін танытуда. Өз таңдауын жасауға ниетті жандардың қатары бүгін Іргелі ауылдық округіне қарасты «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі №454-455 сайлау учаскелерінде кездесіп жатты. Таңғы 7:00-ден өз жұмыстарын атқарып жатқан сайлау учаскелерінің комиссия мүшелері азаматтарға жан-жақты ақпарат беріп, қалай дауыс беру керек ережесін де түсіндіріп жатты. Ал, сайлау учаскелерінің жұмыстары мен азаматтардың сайлаға қатысуын арнайы бақылаушылар да қадағалап отырды. Солардың бірі Айтолқын Бимурзаева «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі сайлаушылардың белсенділіктері өте жақсы екенін айтып, ешқандай құқық бұзушылықтар әзірге орын алмағанын айтты.

Тұрғындардың дәл осындай сайлауға бір кісідей атсалысуы Қаскелең қаласындағы О.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық коледжіндегі №440-441 сайлау учаскелерінде де байқалып жатты. Комиссия мүшелері өз тарапатырынан жұмыстарына жауапты болып, сайлаушыларды толықтай ақпаратпен құлағдар етіп отырды. Ал, өз кезегінде бақылаушылар аталмыш мекемедегі екі сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беру белсенділіктері жоғары екенін айтып, барлығы заң айналасында ойдағыдай жүріп жатқанын түсіндірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях