Рухани жаңғыру фестивалі қарасай жерінде

Рухани жаңғыру фестивалі қарасай жерінде

Тұңғыш Президент күні  қарсаңында ауданымызда түрлі іс-шаралар ауқымды түрде атқарылып, атаулы мерекеге орай әдебиет пен өнер саласы да назардын тыс қалмады. Соның дәлелі ретінде бүгін аудан орталығы Қаскелең қаласының мәдениет үйінде «Ел тірегі – Елбасы» атты І Республикалық рухани жаңғыру фестивалін айтуға болады. Байқауға ұласқан аталмыш шара ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен Қарасай аудандық әкімдігінің қолдауымен, әрі «Үркер» жастар шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Фестивальдің басты ерекшелігі – Тұңғыш Президент күні қарсаңында алғаш рет Елбасының туған жерінде өткізілуінде болды. Оның ашылу салтанатына шақырылған қадірлі қонақтар қатарында ҚР ҰҒА академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, жазушы Уалихан Қалижан, Елбасының ұстазы, Ұлы Отан соғыс ардагері Сейітхан Исаев, ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов және т.б. жас өнерпаздар мен эстрада жұлдыздары болды.

Алғаш сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова өнер сүйер қауымды келе жатқан мереке күнімен құттықтап, жас дарындарға жарқын болашақ тіледі. Ал, академик Уалихан Қалижан «Замана сыны» атты баяндамасын қалың көпшілікке оқып, Елбасымыздың жеткен жетістігінен сыр шертті. «Батаменен ел көгерер» демекші, Президентіміздің ұстазы Сейітхан атамыз жүрекжарды ізгі тілегін білдіріп, күллі қазақ жұртына ақ батасын берді.

Жалпы байқауға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам жас дарындар қатысып, қалың көпшілікке өнерлерін жан-жақты паш етті. Сонымен қатар, фестивальге қонақ ретінде келген ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ұлжан Айнақұлова сияқты өнер майталмандары әуезді әндерін көрермендерге арнап, құлақ құрышын қандырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях