Осы аптаның бейсенбісінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудандық орталық аурухада медицина қызметкерлерінің балаларына арналған «Біз жарқын болашақ үшін!» атты мерекелік іс-шара болды. Оны аурухананың кәсіподақ ұйымының төрайымы Сауле Малгараева мен дәрігер-валеолог Дана Таждинова ұйымдастырып, оған барлығы 60-қа жуық бала мен 25-тей ата-ана қатысты.
Мерекелік жиын барасында балаларға «Балдаурен» мерекелік шеберханасының кәсіби кейіпкерлер тамаша ойын-сауықтарын ұсынып, көңілдерін жадыратты. Жиналған бүлдіршіндерді билетіп, үрленген шардан әртүрлі бейне жасауды үйретті. Ия, бұл мейрам балалар мен ата-аналар үшін ерекше қуанышты күн болды.