Жарқын болашақ үшін

0
2589

Осы аптаның бейсенбісінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудандық орталық аурухада медицина қызметкерлерінің балаларына арналған «Біз жарқын болашақ үшін!» атты мерекелік іс-шара болды. Оны аурухананың кәсіподақ ұйымының төрайымы Сауле Малгараева мен дәрігер-валеолог Дана Таждинова ұйымдастырып, оған  барлығы 60-қа жуық бала мен 25-тей ата-ана қатысты.

Мерекелік жиын барасында балаларға «Балдаурен» мерекелік шеберханасының кәсіби кейіпкерлер тамаша ойын-сауықтарын ұсынып, көңілдерін жадыратты. Жиналған бүлдіршіндерді билетіп,  үрленген шардан әртүрлі бейне жасауды үйретті. Ия, бұл мейрам балалар мен  ата-аналар үшін ерекше қуанышты күн болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь