Алматы облысында «Жас ғалым» инновациялық ғылыми жобалар байқауына құжаттар қабылдау басталды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жалпыұлттық жобасы аясында, жастардың ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен 5 000 000 теңгеге дейінгі облыс әкімінің грантына ие болуға байқау жарияланады.
Байқау бағыттары:
– Ақпараттық технологиялар (ІТ);
– Жаратылыстану-математикалық бағыт;
– Әлеуметтік-экономикалық даму (техникалық ерекшелігі бар).
Конкурсқа байланысты туындаған сауалдарыңызға жауапты мына байланыс нөмерлеріне хабарласу арқылы ала аласыздар: 8 (7282) 40-18-15, 8 771 995 19 85.