Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті

Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті

Бүгінде елімізге танымал «Нурикамал» әніне арқау болған Нурикамал Сейтжанова 72 жасқа қараған шағында өмірден өтті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 716.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейтжанова еңбек жолын совхоздың жұмысшы қызметінен бастады және мемлекеттік қызметшінің табысты мансаптық өсуінің барлық сатысынан өтті. Әр жылдары мұғалім, Торғай облыстық атқару комитетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Торғай облыстық мәдениет басқармасының, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының, Ақмола облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Мемлекет тарихы институтында қызмет еткен.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях