«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша, партия Жарғысының 9.3 тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен Гүлнәр Тойлыбаева партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы zhetysupress сайтына сілтеме жасап.
Гүлнәр Тойлыбаева 2016 жылдан бері аталған саяси ұйымның төраға орынбасары лауазымын атқарған. Партия қызметіндегі жұмыс өтілі жалпы – 13 жыл. Еңбек жолын 1989 жылы Қарабұлақ кентіндегі мектепте ұстаздық қызметтен бастаған. Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін де атқарған. 2007 жылдан «Nur Otan» партиясында саяси жұмыс, ұйымдастыру-бақылау бөлімдеріне жетекшілік етті.