Партия назарынан тыс қалмады

Партия назарынан тыс қалмады

 

Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне қанша алғыс айтылса да, көп болмасы анық. Бүкіл қазақстандықтар әрқашанда олардың ерліктеріне, батырлықтарына, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндерін мақтан етіп, бейбіт өмір сыйлағанын құрметтеуде. Ол күндерді жадында сақтап, оларға бас иіп, өз көмектерін де беруде.
Бүгінгі таңда Қарасай ауданында 17 ардагер бар. Ұлы Жеңіс күні мейрамы қарсаңында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы қызметкерлері және партияның аудандық фракциясының депутаттары ардагерлердің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтады. Аталмыш аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбекпен бірге халық қалаулары мамыр айының 4-ші жұлдызынан бастап, екі күн ішінде ардагерлердің үйін аралап, қонақ болып, оларға гүл шоқтарын, жеміс-жидек себеттері мен партия атынан арнайы тапсырыспен жасалған сағаттарын сыйлады. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын да құрметпен табыстады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях