Латын әліпбиіне көшу кестесі бекітілді

Латын әліпбиіне көшу кестесі бекітілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік баслымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасының қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатындағы қаулысында:

  1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
  2. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын;
  3. қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
  4. Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
  5. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін делінген.

Жоғарыда айтылған бұйрық бойынша мектепке дейінгі, орта және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімшелері, министрлік, жоғары білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық пен облыстық білім беру ұйымдары, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының басшылары 2025 жылға дейін оқытудың кестеге сәйкес латын әліпбиіне өтуін қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях