Ford пен GE Healthcare компаниялары 50 мың дана өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратынын жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш компаниялар жасап шығарған медициналық жабдықтар Мичиган штатындағы зауытта жасалып, оған автокөлік өндіру саласының 500-ге жуық қызметкері жұмылдырылып отыр. Жоспар бойынша сәуір айының соңында өкпені жасанды желдету аппаратының 1500 данасы дайын болмақ. Айта кетейік, қазір бұл аппарат әлем елдерінде жеткіліксіз.
— Оның тапшылығынан COVID-19 вирусына шалдығып, ауыр халде жатқан науқастардың өмірін аман алып қалуға қиынға соғып отыр, — дейді мамандар.