Таяуда, Қарасай ауданындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, бөлім басшысы Чингиз Джемисбаев бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналып, корпорацияның құрылғанына бір жыл толғанын, осы кезде барлық бөлім басшылары мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, халық ортасына жұмысқа шыққанын, бұл бізге тұрғындардан кері байланыс алуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Бұл ретте, мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» кірген. Ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт-офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк-офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскелерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.
Ал, жоғарыда айтылған «Дублер күні» жұмада бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүргізілді.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать