«Баспана хит» ипотекалық бағдарламасының аясында пайыздық мөлшерлемелер 11% -дан 10,75% -ға дейін төмендеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы BNews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) өзінің базалық ставкасын 9,0% -ға дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін мүмкін болды. Естеріңізге сала кетсек, «Баспана хит» бағдарламасының жылдық пайыздық мөлшерлемесінің мөлшері ҚРҰБ базалық ставкасына байланысты (ҚРҰБ базалық ставкасы + 1,75%).
«Кейбір түзетулерге қарамастан, ставка ипотекалық несие туралы келісім жасалған сәтте белгіленеді және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар, 11% мөлшерінде кепілдік алған қарыз алушылар бұрын бекітілген кестеге сәйкес ай сайынғы төлемдерді төлейді, пайыздық мөлшерлемелердегі өзгерістер тек жаңа клиенттерге ғана әсер етеді» – деді «Баспан» ИҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Дархан Байғатов.
«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша мақұлданған кредиттердің сомасы 25 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі күнге дейін 3113 қазақстандық осы ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алды.
Халықтың бағдарламаны қолайлы қолдануы үшін «Баспана хит» ипотекалық калькуляторы www.baspanahit.kz жасалды.