Елбасы Жолдауының екінші бағыты – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуге қатысты. Онда айтылғандай, бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Яғни, шағын несие беру аясын кеңейтіліп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру үшін, Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Сонымен қатар, Елбасы екінші қадам ретінде Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты. Осы айтиылғандар жақында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақшолпан Мараттың өзі қадағалайтын сала өкілдерімен жүздескен жиында кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, «Алатау» сауда үйі мен «Жер ана» базарындағы сауда орынын жалға алып халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан кәсіпкерлерге Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы аясында жүктелген тапсырмалар жан-жақты түсіндірілді.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать