АҚШ-та Колумбтың ескерткішін алып тастады  

АҚШ-та Колумбтың ескерткішін алып тастады   

АҚШ-та бұзақылардың нәсілшілдікпен күресті алға тартып, ескерткіштерді қиратып, бүлдіруі тоқтамай тұр. Мэдисон қаласында шерушілер полициямен қақтығысып, шаһардағы 2 ескерткішті көлге лақтырып жіберді, деп хабарлайды karasayinfo.kz   желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Олардың бірі осы штаттың ұранын бейнелейтін ескерткіш болса, екіншісі азаматтық соғыс кезінде құлдыққа қарсы шыққан полковник Ганс Кристиан Хэгтың ескерткіші. Ал, Нью-Хейвен қаласының билігі Американы алғаш ашқан, теңізші Христофор Колумбқа арналған ескерткішті алып тастады. Оған өткен аптада шерушілердің шаһарда бірнеше ескерткішті бүлдіруі себеп болған. АҚШ президенті Дональд Трамп ескерткіштерді қорғау туралы жарлыққа апта соңына дейін қол қоюға уәде беріп отыр.

– Менің ойымша, бұл өте маңызды жарлық болады. Бізде ексерткіштерді қорғауға бағытталған өзге де заңдар бар. Мысалы, оларды бүлдіргендерге 10 жылға дейін бас бостандығыған айыруды қарастыратын Ескерткіштер туралы заң. Бірақ біз  бірқатар мәселелерді біріктіп, өте күшті жарлық шығармақ ниеттеміз, –дейді АҚШ Президенті Дональд Трамп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях