Мұрат Әуезов пен Диар Қонаев мәдениет колледжінде

Мұрат Әуезов пен Диар Қонаев мәдениет колледжінде

Бүгін Қаскелең мәдениет колледжінде қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өткізіліп, оның басты қонақтары Мұрат Әуезов пен Диар Қонаев болды.

Алдымен колледж директоры Дүйсебай Шаштайұлы сөйлеп, осы іс-шараның маңыздылығына тоқталды, қадірлі меймандарға деген ақ тілегін айтты.

Мұнан кейін қоғам қайраткері, жазушы, мәдениеттанушы, тарихшы, қытайтанушы, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов сөз сөйлеп, әкесі, оның өнегесі мен шығармашылығы жайында әсерлі әңгіме айтты, студенттер қойған көптеген сұрақтарға жауап қайтарды. Ал, Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова мен Асқар Меңліахметұлы Қонаевтың отбасында дүниеге келген Диар Қонаев өзі басқаратын «Әуезов үйі» музейі туралы жан-жақты баяндап берді.

Колледж студенттері «Абай жолы» романы бойынша шағын сахналық көрініс қойды, ән айтты, өлең оқыды, би биледі.

Соңынан аталған оқу орнының басшылығы құрметті қонақтарға сый-сияпат жасаса, олар өз кезегінде Мұхтар Әуезовтың және өздерінің кітаптарын сыйлады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях