Бүгін Қазақстан Үкіметінде мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелердің 2023 жылға дейін еңбекақысын жыл сайын арттыруды күтіп отырғаны мәлімденді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
Мұғалімдердің еңбекақысы жыл сайын 25%-ға өседі. Ал, 2023 жылға қарай екі есе өседі, яғни, 375 мың теңгеге дейін.
Дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе ұлғаяды. Яғни, 561 мың теңгеге дейін өседі.
Сондай-ақ, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20%-ға дейін көтеріліп отырады. Ал, 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе – 229 мың теңгеге дейін өседі.