Ескелді ауданында бір мезетте 500 бала күй тартты  

0
151

Ескелді ауданы  Қарабұлақ ауылында домбыра күніне орай 500 бала күй тартып, жерлестерін тәнті етті, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымы.

Ескелді ауданындағы елді мекендерден жиналған оқушылар орталық алаңда қазақтың киелі аспабымен күйді күмбірлетті. Жалпы, ауданда мыңнан астам бала домбыра үйірмелеріне қатысады. Мерекелік шарада кәсіби күйшілер домбыраның шығу тарихын, аспап туралы түрлі аңыздарды әңгімеледі.

«Өзім қазіргі уақытта сегіз күй білемін. Бұйыртса жақында «Адай» күйін үйренемін. Домбыраны шерткенде өзімді еркін сезінемін. Мысалы, көңіл күйім жоқ кезде домбыра шертсем, өзімді сондай жақсы сезініп қаламын», — дейді Алина Қанат.

Ауыл тұрғындарының көңілін елең еткізген шара барысында ұлттық тағам мен ұлттық бұйымдар көрмесі де ұйымдастырылды. Сондай-ақ, балалар асық ойнап, аға буын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Зиялы қауым өкілдері ақын Бақтыбай Жолбарысұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь