Пробация қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Пробация қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Аудандық пробация бөлімі, «Салиқалы ұрпақ» волонтерлік ұйымымен бірлесе отырып, ауданымыздағы көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен дана қазақ. Ертеден-ақ біздің халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі – қиындықты көріп жүрген адамдарға қол ұшын созу, оларға барынша көмек көрсету болып табылады. Осы ретте елімізде жылдан-жылға қайырымдылық бағытындағы түрлі акциялар мен іс-шараларды қолдап, оларға барынша атсалысып жүргендердің саны артып келеді. Солардың қатарында біздің аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері де бар. Бұл жолы да аталмыш бөлімнің инспекторлары тағы бір игі шара ұйымдастырып, ауданымыздағы көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты.

Нақтырақ айтқанда, олар жақында аталып өткен әз-Наурыз мерекесіне орай «Салиқалы ұрпақ» волонтерлік ұйымымен бірлесе отырып, аталмыш бөлімде есепте тұрған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған және де әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды мерекелерімен құттықтап, оларға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Қ. Қалиевтың айтуынша, олар тек бұл шарамен тоқталып қалмай, алдағы уақытта да әртүрлі қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп отыратын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях