Президент: Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге артады

Президент: Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге артады

Студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде мәлімдеді.

– 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз, – деді ҚР Президенті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы студенттерге материалдық қолау көрсету ісі жалғаса беретінін де жеткізді.

– Студенттердің шәкіртақысы – 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы – 1,5 есе көбейеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады, – деп мәлімдеді ел Президенті Қ.Тоқаев.

Бүгінгі таңда студенттер – 26186 теңге, магистранттар – 66913 теңге, докторанттар – 150000 теңге шәкіртақы алуда

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях