Полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін жаңа жүйе

Полиция департаменті алматылық полияция қызметкерлерінің планшеттеріне адам келбетін танитын бағдарлама орнатады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің айтуынша, аталмыш жаңашыл функция жол полициясы қызметкерлері мен жергілікті полиция инспекторларына қол жетімді болады.

– «Жаңа механизмнің жұмысы мынандай болмақ: полицейлердің жұмыста қолданатын планшеттерінде адам келбетін тану модулі орнатылады. Ол көптеген функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нақты уақыт режімінде адамдарды анықтауға, толықтай тексеруге, қылмыстарға қатысы бар жоғын білуге, іздеуде жүрген, жүрмегенін анықтауға көмектеседі. Оқиғалар мұрағатындағы бейнемәліметтерді талдауға және жинақтауға болады», –  деді Алматы ПД өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша бұл жаңашылдық қылмыстық істерді тергеуге, қылмыскерлерді іздестіру бойынша операциялық жұмыстарды жақсартуға және де құқық бұзушылықтарға қатысы бар адамдарды анықтау үшін уақытты қысқартуға өз септігін тигізбек.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях