Перспективалық бағыттарды анықтау мақсатында

Перспективалық бағыттарды анықтау мақсатында

Бүгінгі таңда Алматы облысында 120 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері тіркелумен қатар, олардың саны үнемі артып келеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, бизнесті дамыту, перспективалық бағыттарды анықтау және өңірлік даму картасына өзгерістер енгізу үшін Алматы облысы бойынша скрининг өткізуде, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ҰКП «Атамекен» Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының берген ақпаратына сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның жалпы мақсаты – өңірдегі бизнес-жобаларды құру үшін ең қажетті бағыттарды, олар үшін ең жақсы орналасқан жерді анықтау және бизнестің табысты дамуына кедергі келтіретін проблемаларды қарастыру. Зерттеу әдісі мен облыстың әрбір елді мекеніндегі үй-жайды аралау немесе қоңырау шалу түрінде сауалнама алынды. 29 мәселені қамтитын сауалнама кәсіпкерлердің, сондай-ақ, халықтың қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

– Біз қандай жобаларды құру қажеттігін және қолданыстағы жобалардың қайсысы мемлекеттің қолдауын қажет ететінін анықтаймыз, сондай-ақ, қаржыландыруды, одан бөлек, қаржы институттарының құралдары есебінен қаржыландыру да қолға алынады. Скринингтің көмегімен қаржыландыру мен жұмысқа орналасу үшін кәсіпорындарда мамандардың қажеттіліктерін және халықтың табысын арттыру аясында әлеуметтік аспектілерді қозғайтын басқа да көптеген мәселелерді анықтауға болады, – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

Скрининг пен Сіздің бизнесіңіздің барлық мәселелері бойынша Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына келесі мекенжай бойынша хабарласуларыңызға болады: Талдықорған қаласы, ш/а.8,2 «А» ғимараты, Көрме кешенінің ғимараты, 2-қабат, тел: 8 (7282) 401- 499, электрондық пошта: zhetysu@atameken.kz

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях