Облысымызда тұңғыш рет мәдениет маусымының ашылу салтанаты өтті

Облысымызда тұңғыш рет мәдениет маусымының ашылу салтанаты өтті

Алматы облысының орталығында жақында ашылған Бикен Римова атындағы драма театрында тұңғыш рет мәдениет маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шара Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі және «Сазген», «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдерінің қойылымымен ашылды. Мұнан кейін облыс әкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, облыстық өнер ұжымдарының бірлескен мәдениет маусымының салтанатты ашылуымен құттықтады. Мәдени кешке жиналған жұрт өнер ұжымдарының қойған концертін тамашалады.

Сондай-ақ, маусымның ашылу салтанатында облысымыздағы мәдениет саласының қызметкерлері, ақын-жазушылары мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, асабалар және 7kun.kz сайты мен аудандық, қалалық газеттердің бас редакторлары демеушілік жасап, көп балалы аналарға төрт үйдің кілтін табыс етті. Атап айтар болсақ, Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев Кербұлақ ауданынан келген 5 баланың анасы Жұлдыз Сұлтанбаеваға баспана кілтін табыс етсе, Қаратал ауданынан келген 4 баланың анасы Айнұр Исаеваны қуанту бақыты «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін мен жас жазушы Есболат Айдабосынға бұйырды. Ақсу ауданынан келген көп балалы ана Толқын Жатқанбаеваны облыстағы асабалар атынан Ердәулет Кенжеқұлов және Қайрат Қазкенұлы үй кілтін тапсырып қуантса, Текелі қаласынан келген 6 баланың анасы Мақай Қалиманға аудандық, қалалық газеттердің бас редакторлары мен қызметкерлері атынан «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев пен «Жетісу шұғыласы» газетінің бас редакторы Жанахмет Исабеков пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады. Мұнан бөлек облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы да баспана бақытына ие болған отбасыларға сый-сияпаттарын тарту етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях