Іле ауданында автокөлік майын өндіретін ең ірі зауыттың іргетасы қаланды

Іле ауданында автокөлік майын өндіретін ең ірі зауыттың іргетасы қаланды

Алматы облыс Іле ауданындағы Байсерке ауылының аймағында ресейлік 100 мың тонналық автокөлік майын өндіретін зауыт ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ең ірі өндіріс орындарының бірі болып саналатын зауыттың ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Лукойл» компаниясының төрағасы Вагит Алекперов және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

Аталмыш ірі кешенді салу жұмыстары 2016 жылы басталып, оның құрылысы мен жарақтандыруға салынған жалпы инвестициялар көлемі 94 млн АҚШ долларын құрады. Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын жылына 100 мың тоннаға жуық өнім шығарып, 250-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ. Мұнда жұмысқа көбінесе жергілікті тұрғындармен еліміздегі жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған мамандар алынбақ.

Кәсіпорындағы әр құрылғы замануи автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылғандықтан өз жұмысын санаулы минутта атқарып тастайды. Соның арқасында кезкелген тапсырысты бір тәуліктің ішінде дайындап, тапсырыс берушіге аз уақыттың ішінде жеткізіп беруге мүмкіндік бар. Ал, зертханалардың соңғы үлгімен техникалық жабдықталуы шығарылатын майдың жоғары сапалы болуына кепілдік береді. Зауытта майдың 800-ден аса түрі шығарылмақ. Мәселен, Еуропа мен Ресей нарығында үлкен сұранысқа ие «ЛУКОЙЛ GENESIS»  мотор майы да дәл осы кәсіпорында дайындалатын болады. Батыс Еуропа мен Батыс Қытай жерлері біздің елге жақын орналасқандықтан ірі кешен еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ, шетелге де өнім экпорттайтын болады. Толығырақ айтатын болсақ, зауыт толық өндірістік қуатына көшкенде Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменста, Моңғолия, Ауғанстан нарығын майлау материалдарымен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның басшылары бұл жоба Қазақстанға жылына шамамен 10 миллион доллар табыс әкеледі деп жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік саласының дамуына оң әсерін тигізбек.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях