Облыс көлемінде жаңа жұмыс орындары ашылмақ

Облыс көлемінде жаңа жұмыс орындары ашылмақ

Биылғы жылдың желтоқсан айында Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы облысында жалпы саны 36 жаңа нысан ашу жоспарланған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған  нысандардың  он екісі бірінші  желтоқсанда қарсаңында, ал, басқасы он алтысына жуық арада есігін айқара ашылды. Соның нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Олардың қатарында медицина, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының нысандары мен тұрғын үйлер бар.  

Нақтырақ айтқанда, бірінші желтоқсан қарсаңында Кербұлақ ауданында жалға берілетін  тұрғын үйлер, Жамбыл ауданы Тарғап ауылында және Ұйғыр ауданының Қалжат ауылында дәрігерлік амбулаториялар, Іле ауданында үш бірдей балабақша іске қосылып, ел иігілігіне ұсынылмақ.

Мереке қарсаңында біздің  аудандағы Көкөзек ауылында орналасқан сэндвич-панельдер мен пішінді төсеніштер шығаратын «Болашақ Қаз-Металл» зауыты өз жұмысын бастауға актын алды.

Сондай-ақ, Көксу ауданында «Сұлтан» шаруа қожалығының 200 бас және Сарқан қаласындағы «Жолбосынов» жеке кәсіпкерлігінле  150 басқа   арналған  мал бордақылау алаңдары ашылмақ. Ал, «Нұрлан» шаруа қожалығының базасында ашылатын 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы аграрлық саладағы міндеттердің облыста табысты орындалуына үлес қоспақ. Ұйғыр ауданы Дардамты ауылында «Eko product Plus» ЖШС бір гектар жерге қуаты жылына 100 тонналық жылыжай кешенін қолға алуда. Қаратал ауданы Айтуби ауылында «АгроИнвестҚаратал» ЖШС-ның 340 басқа арналған шошқа ұстау кешені де осы жаңа жобалар қатарында.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях