Оқу гранттарына өтініш қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылды

Оқу гранттарына өтініш қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылды

Онлайн-брифинг барысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу гранттарына өтініш қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қазіргі уақытта бакалавриат және доктарантура бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бакалавриат бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Енді сол ҰБТ сертификаттарымен күні кеше құжаттарды қабылдау басталды. Оны 25 шілдеге дейін создық. 25 шілдеге дейін құжаттарды тапсырып, оқу гранттарының конкурсына түсуге мүмкіндік бар», – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетсек, бұған дейін оқу гранттарының конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында өтетіні айтылған болатын.

Сондай-ақ, ол брифинг барысында биыл магистратураға тест тапсыру талаптарына айтарлықтай өзгерістер енгізілмегенін де айтып өтті.

– Биыл тестілеу тамызда өтеді. IELTS  пен ағылшын тілін игеру бойынша талаптар сәл күшейтілді. Осы мәселені айтпағанда, жалпы үлкен өзгерістер жоқ, – деді министр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях