Nur Otan партиясының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Nur Otan партиясының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Nur Otan партиясы баспасөз қызметінің басшысы болып Максим Споткай тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. Басқарушы партия баспасөз қызметінің жаңа басшысын Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таныстырды.
Бұдан бұрын Максим NUR Media холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған болатын.
28 жастағы Максим Споткай Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Nur Otan партиясының Ақсу қаласындағы филиалынан бастады. Оған дейін «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі болып, қазақ тіліндегі газетті басқарған еді. Жас қоғам қайраткері әрі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалисі ретінде белгілі.
Максим Споткай 2015 жылы сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеп, жұртшылықтың есінде қалды.
Сол кезде Елбасы дарынды қазақстандықты мақтап, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.
– Біраз уақыттан соң Максим Қазақстан Президенті болуға кандидат атанса, қазақ тілін осындай дәрежеде білгендіктен, ешкім таңғалмас еді, – деген еді Қазақстанның Тұңғыш президенті төрт жыл бұрын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях