Нидерландыда журналистің өлімі елді дүрліктірді  

Нидерландыда журналистің өлімі елді дүрліктірді   

Бір апта бұрын Амстердамда қастандық жасалған танымал репортер Питер де Врис қаза болды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы DW басылымына сілтеме жасап.

«Питер соңына дейін күресті, бірақ жеңілді», — делінген оның отбасы жолдаған хатта.

Тілшіге 6 шілдеде кешке Амстердам орталығындағы телестудиядан шыққаннан кейін көп ұзамай шабуыл жасалған. Онда ол танымал телешоудың қонағы болды. Куәгерлер бес оқ атылғаны туралы айтқан. Оның бірі Питер де Вристің басына тиген. Оны клиникаға ауыр халде жеткізді.

Полиция үш күдіктіні ұстады, олардың бірі көп ұзамай босатылған. Қазір қастандық жасады деген күдікпен Роттердамның 21 жастағы тұрғыны және Польша тумасы 35 жастағы нидерландылық қамауда отыр. «Het Parool» жергілікті басылымының мәліметіне сүйенсек, олар есірткі саудасын ұйымдастырушы Ридуан Тагимен байланыста болуы мүмкін. Оның соты 2021 жылдың наурызынан бері жүріп жатыр.

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте Twitter-де Питер де Врис өз ісіне берілгенін және ешкімнен және ештеңеден қорықпағанын жазды. Ол әрқашан шындықты іздеді және әділеттілікті қорғады. «Бірақ оның өзі үлкен әділетсіздіктің құрбаны болғаны өкінішті», — деді саясаткер.

Нидерланды патшайымы Максима да марқұмның отбасына көңіл айтты.

64 жастағы Питер де Врис қылмыстық топтар мен резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу туралы көп мақала авторы. Репортер 1987 жылы «Heineken» сыра қайнату компаниясының басшысы Фредди Хайнекеннің ұрлануы туралы жарияланғаннан кейін әлемге әйгілі болды. Де Вриске бірнеше рет қауіп төнді, бірнеше рет билік оған мемлекеттік күзет берген.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях