Наурыз мерекесі қарсаңында 1500 отбасыға азық-түлік себеттері таратылады

Наурыз мерекесі қарсаңында 1500 отбасыға азық-түлік себеттері таратылады

Бірлік пен татулықтың, еңбек пен ізгіліктің мейрамы, Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз да жақындап қалды. Осы бір «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!» деп тілек білдіретін достық пен ынтымақтастық мерекесі қарсаңында Алматы облысы мен Алматы қаласының аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеті таратылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Нақтырақ айтқанда, көктемнің шуақты мерекесі Наурыздың қарсаңында Болат Назарбаев негізін қалаған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры «Көктемнің мейірімділік қоржыны» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Аталған шара аясында қордың өкілдері аз қамтылған отбасыларына 1 500 азық-түлік себетін тарататын болады. Жалпы салмағы 50 килограмдық үш қорабтан тұратын себеттің ішіне ет консервілері, кондитерлік өнімдер, түрлі дақылдар, ұн, май сияқты 11 өнім салынған.

– Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл бізге оңай тимеді. Кыс та суық болды. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандағы мақсатымыз – қыстан, оның үстіне пандемиядан қиналған отандастарымызға қол ұшын созу – дейді «Салиқалы ұрпақ» қорының директоры Қасым Қасабеков.

Айта кетейік, Болат Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры соңғы үш жылда «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты бір жылдық науқанды ұйымдастырып келеді. Оның аясында халықтың әлеуметтік осал бөлігіне жататын 100 отбасы бір жыл көлемінде қор тарапынан азық-түлік тауарларымен қамтылуда.

Қор осы уақытқа дейін 1189 адамға 1600-ден астам азық-түлік себетін таратып, көмек көрсетті. Сонымен қатар, өткен жылдың басында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына да қолдау көрсетіп, алғашқылардың бірі болып ауданға 20 мың тонна гуманитарлық көмекті жолдап, зардап шеккен отбасыларға 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмек көрсетті. Су тасқынынан кейін  далада қалып кеткен 20 отбасына үй салып берді. Мұнан бөлек қордың қолдауымен бірнеше мешіттер салынды. Пандемия кезінде көптеген 1000-нан аса оқушыға оқу-қажетті ноутбуктер берілді. Және тағы да басқа көптеген игі істер атқарылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях