Нұр-Сұлтанда жедел медициналық жәрдем музейі ашылды

Нұр-Сұлтанда жедел медициналық жәрдем музейі ашылды

Нұр-Сұлтанда жедел медициналық жәрдем музейі ашылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы   Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Музей 1930 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі атқарылған қызметтерді қорытындылау, медицина саласының қаншалықты дамығандығын көрсету мақсатында ашылып отыр.  Онда келушілер назарына жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихын бейнелейтін құралдар мен түпнұсқа құжаттар, сондай-ақ тарихи суреттер қойылған.

– Экспозицияға негізінен біздің саламыздың қалыптасу кезеңін сипаттайтын  түрлі тарихи фотосуреттер жинақталған. Сондай-ақ, мұнда алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жабдықтардың әр түрлі жылдардағы формаларымен толықтырылды.  Біздің қызметіміздің тарихымен байланысты қызықты және құнды заттарды кез келген адам өз қалауымен бізге тапсыра алады, қуана қабылдайтын боламыз, – деді ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Еділ Шалов.

Мұнда барлығы 50-ден аса экспонат бар. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін қалалық қосалқы станцияларда сақталған болатын. Медицина тарихынан сыр шертетін құрылғыларды мұражайға келіп, кез-келген адам тамашалай алады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях