Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды

Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды

Желтоқсан айының 10-нан бастап елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғаны баршаға мәлім. Осыған орай бүгін ауданымыздағы «Aport» ойын-сауық және сауда орталығында «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Күн тәртібіне сай өткізілген кездесу барысында Алия Абсеметова мен Ержан Жасыбаев қарасайлықтарды өздерімен таныстырып, сайлауалды бағдарламалары мен алдыға қойған мақсаттары туралы толыққанды ақпарат беріп өтті.

Нақтырақ айтқанда, шарада үміткердің бірі – Ержан Бакиржанұлы өзінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатындағы жобаларға ерекше зейін аудару керектігін айтты. Әсіресе, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған жол мәселесіне баса назар аударып, оны шешуге қатысты жоспарымен бөлісті. Ал, Алия Маратқызы болса, өзі тоғыз баланың анасы ретінде елімізде көп балалы аналардың ахуалын жақсарту, оларға барша жағына көмек көрсету керектігін, сондай-ақ, еліміздегі гендерлік саясатты жақсарту үшін құрған жоспары жайлы айтып өтті.

Шара соңы үміткерлерге партия мүшелері мен халық тарапынан қойылған сұрақ-жауаппен аяқталды.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях