«Mercedes» тыныс алу аппараттарын жасап шығарды  

«Mercedes» тыныс алу аппараттарын жасап шығарды   

«Формула-1» жарысының «Mercedes» тобының инженерлері және британдық мамандар мен дәрігерлер коронавирусты жұқтырған науқастарға арналған тыныс алу аппаратын жасап шығарды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін бір аптадан аз уақыт кеткен екен. Қазір 40 аппарат Лондондағы бірнеше ауруханаға берілген. Егер олар өз тиімділігін көрсетсе, «Формула-1» жарысына қатысатын көліктердің қозғалтқышын өндіретін «Mercedes» командасы күніне мұндай құрылғының мың данасын жасап шығарамыз деп отыр. Негізі осындай аппараттар қазір Қытай мен Италия ауруханаларында кеңінен қолданылып келеді. Коронавирус өршіп тұрған АҚШ билігі де автоөндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Дональд Трамп «General Motor» корпорациясы мен «Ford» компаниясына қайта бейінделіп, өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін бастауға бұйрық берді.

– Әдетте медициналық құрылғыны жасап шығаруға жылдар кетеді. Ал, біз бірнеше күнде-ақ осындай жетістікке жеттік. Өйткені біз қазір кеңінен қолданылып жүрген өкпені жасанды желдету аппаратын негізге ала отырып, түрлендіріп, оны жаппай өндіріске бейімдедік, – дейді профессор Ребекка Шипли.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях