Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметші екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын бұл қызмет – мәртебелі міндет. Жылдағыдай, биыл да кәсіби мерекелеріне орай, қарасайлық мемлекеттік қызметшілер құрмет биігінен көрінді. Атаулы күнге арналып аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысып, жиналғандарға ізгі тілегін білдірді.

[su_custom_gallery source=»media: 5467,5466,5465,5464,5463″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″]

Осыдан 20 жыл бұрын мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылғанын, ал, 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданғанын атап өткен Жандарбек Ермекұлы осы салада тер төгіп жүрген жандардың міндет-мақсаттарына да тоқталды. Сан жылдар алдыңғы қатарда жүріп еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған тәжірибелі азаматтардың есімін атап айтып, оларды жас мамандарға үлгі етті. Өз елін, халқын құрметтеген мемлекеттік қызметшілері бар елдің ертеңі айқын, болашағы жарқын, келешегі келмел болатынын тілге тиек еткен аудан басшысы мереке иелерін құттықтап, жақсы тілегін білдірді. Сонымен қатар, кейбір білікті мамандарды салтанатты жағдайда марапаттады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының Грамотасын аудан әкімі аппаратының құпия іс-қағаздарын жүргізуші – бас инспекторы Х.Сатқанбаевқа, Алғыс хатын «Үздік ауыл әкімі» атанған Райымбек округінің әкімі А.Әуесбайға тапсырды. Сондай-ақ, аудан әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хатына бірқатар қызметшілер ие болды.

Келесі кезекте жергілікті атқарушы орган ісіне жаңадан кіріскен жас мамандар ел алдында өз міндеттерін адал әрі абыроймен атқаруға ант берді. Ал, сала ардагерлері атынан ортаға шыққан Ұ.Бархинова Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асыруға барынша үлес қосып, туған өлкесі мен халқын құрметтеу мемлекеттік қызметшінің азаматтық әрі кәсіби міндеті екенін атап айтып, жастарға сәттілік тіледі.

Соңынан жиналғандар аудан өнерпаздардың дайындаған тартымды концерттік бағдарламасын тамашалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях