Қазақстан республикасының Президентінің жарлығына сәйкес 2007 жылдан бері «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының өткізіліп жатқанына биыл он бір жыл толады. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Ағымдағы жылы да бұл қайырымдылық іс-шарасы жалғасын табуда. Қарасай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен өткен Қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 балаға білім алуына қажетті құрал-жабдықтар таратылды. Іс-шара барысында ұйымның төрағасы Сағымдық Жылқыбаев көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету аса маңызды екенін айтты.
В Алматы открыт уникальный научный центр «Институт глаза Lucy»
В Алматы открыт уникальный научный центр «Институт глаза Lucy», располагающий современным медицинским оборудованием последнего поколения мирового уровня, не имеющим аналогов в Казахстане. Первыми испытали...
Жыл басынан бері халық саны 77 мыңға артты
2022 жылдың мамыр айына дейінгі статистика бойынша халық саны 19 199 844 жеткен, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес 2022 жылдың...
«Болашақ» қоғамдық бірлестігінің атқарған жұмыстары ауқымды
Іле ауданы Алматы облысы бойынша қоғамдық қозғалыс дамыған аймақтардың алдыңғы шебінде. Солардың қатарында Өтеген батыр ауылындағы «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі де бар. Аталған қоғамдық бірлестік...
Наука и глобальные изменения климата
В эти два дня в КазНИИ земледелия и растениеводства проходит Международная научно-практическая конференция. В ее рамках отечественные и зарубежные ученые подняли довольно злободневную в наши...
«Атамекен» ҰКП түтінсіз темекіге арналған жоғары акциздерге қарсы петицияны қолдады
Бүгін арнайы баспасөз конференциясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бірқатар бизнес-қауымдастықтар «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі бастаған қыздырылатын темекіге арналған акциздердің күрт...